Қазақстан жолдарында жол-көлік оқиғалары азайды

© Тұрар Қазанғапов

Республикамызды? автожолдарында?ы жол-к?лік о?и?аларыны? саны жыл басынан бері 5 пайыз?а азайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап. Елімізді? жолдарында?ы апаттылы?ты т?мендетуге 2014 жылы "Жол ?оз?алысы туралы" За?ны? ?абылдануы себеп болды.

Республикамыздың автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны жыл басынан бері 5 пайызға азайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Еліміздің жолдарындағы апаттылықты төмендетуге 2014 жылы "Жол қозғалысы туралы" Заңның қабылдануы себеп болды.

"Жол қозғалысы туралы" ҚР Заңын жүзеге асыру жол қозғалысы саласына тартылған барлық субъектілер арасында жауапкершілік аймағын нақты бөлуге, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметке талапты күшейтуге мүмкіндік берді.   

"Жол қозғалысын бақылау және қадағалау айтарлықтай күшейтілді. "Қауіпсіз жол", "Автобус", "Назар аударыңыздар, балалар!" және басқа да өткізіліп жатқан ауқымды алдын алу іс-шаралары нәтижесінде Жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау 0,5 пайызға (1 миллион 687 мыңға дейін) артты", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, министрліктің мәліметінше, соңғы 3 жыл бойы, елімізде автокөлік құралдарының артуына қарамастан (+8 пайыз, 4,5 миллион дейін) апаттылық көрсеткіштерінің төмендеуінің тұрақты үдерісі байқалуда. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама