Қазақстанда 10 жыл ішінде 100 миллиард теңге елден шығарылған

?аза?станда 10 жыл ішінде 100 миллиард те?ге елден шы?арыл?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы журналистерге ?Р Бас прокурорыны? орынбасары Андрей Кравченко м?лімдеді.

Қазақстанда 10 жыл ішінде 100 миллиард теңге елден шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы журналистерге ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді.

"Нақты қанша сома екенін айту өте қиын, себебі ол миллиардтаған теңгеге дейін жетеді. Біз ең ауқымды қылмыстық істің қанша болғанын санап шықтық. Енді біз соңғы он жылда қанша қылмыстық істің қозғалғанын білгіміз келеді. Олардың саны шамамен 200 болатын шығар (...). Қазір біз осы қылмыстық істер бойынша шамамен 100 миллиард теңгенің елден шығарылғаны жайлы мәліметті алдық. Олардың енді 30 пайызының қаражаты өндіріліп, Қазақстанға қайтарылды (...). Бұл соңғы он жыл ішінде", - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары.

Сонымен қатар, журналистер Андрей Кравченкодан қай елдерде республикадан шығарылған қаражаттың бақылауға алынғанын сұрады. Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, Солтүстік Америка мен Еуропада бұл мәселе бақылауда.

Реклама
Реклама

"Қазір бұл жайлы айту қиын. Бірақ біз әрине, өзіміздің қаражаттардың елден оффшормен шығарылуына қатысты жағдайларды мысал келтіре аламыз", - деді Андрей Кравченко.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама