Қазақстанда 2017 жылдан бастап 48 мемлекетке визасыз тәртіп енгізілетін болады

© Мой город

2017 жылды? ?а?тар айынан бастап ЭЫД? елдері мен 14 экономикалы? дамы?ан ж?не саяси т?ра?ты мемлекеттер ?шін визасыз т?ртіп енгізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.
 
?Р-да визасыз т?ртіп ?рекет ететін 20 экономикалы? дамы?ан елге Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БА?, Сингапур, ?лыбритания, А?Ш, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония ж?не О?т?стік Корея жатады.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап ЭЫДҰ елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
ҚР-да визасыз тәртіп әрекет ететін 20 экономикалық дамыған елге Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония және Оңтүстік Корея жатады.

Сондай-ақ, жыл сайын Ресей, Түркия, Италия (соның ішінде ЭКСПО Милан-2015 көрмесі сәтті өткізілгеннен кейін), Германия, Нидерланды, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артуда.

"Ішкі туризм бойынша өсім байқалады. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6%-ды құрады. Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма бұрынғысынша халық көп баратын негізгі бағыт ретінде саналып отыр", - деп хабарлады ҚР ИДМ.

Реклама
Реклама

Министрліктің мәліметі бойынша, елдегі қонақ үйлердің де саны артуда.

"Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда барлығы 871 қонақ үй болса, бүгін олардың саны 2 441-ге жетті. Қонақ үйлердің көрсеткен қызметі 2015 жылы 73 миллиард теңгені құраған (5 жыл бұрын 47 ммиллиард теңге болған)", - деп хабарлады ведомствода.

Айта кету керек, ЭКСПО көрмесіне дайындық аясында еліміздің көрнекті жерлерін қамтитын 73 туристік бағыттар тізімі бекітілді және көліктік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама