Қазақстанда 5 000-нан аса ұрланған ұялы телефон бұғатталды

© my-phone-finder

?аза?станда жыл басынан бері ?ялы байланыс операторлары 5 мы?нан аса ?рлан?ан телефонды б??аттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ?Р ІІМ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жыл басынан бері ұялы байланыс операторлары 5 мыңнан аса ұрланған телефонды бұғаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылы ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-әрекет ретінде ІІМ Криминалды полиция департаменті ұялы байланыс операторларымен ұрланған қалта телефондарды бұғаттау туралы меморандумға қол қойды. Ұялы байланыс компаниясына ұялы телефондарды бұғаттау туралы 7 мыңнан аса қаулы жіберіліп, 5 мыңнан аса телефон бұғатталды. Бұл шараны уақытында қолдану осындай қылмыстың алдына алудың бір тәсілі болып келеді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Өзгенің мүлкін ұрлау қылмыстарының 20 пайызын ұялы телефондарды ұрлау құрайды. Бірінші кезекте бұл ұялы телефондардың көптеп таралуы және оларға деген сұраныс жоғарлығы мен сату оңайлығымен байланысты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұялы телефон ұрланған жағдайда азаматтарға бірден қылмыс жасалған орын бойынша ішкі істер органдарына немесе жақын арадағы полиция бөлімшесіне арыздану қажет.

Реклама
Реклама

"Телефонды бейтаныс адамдардан, ломбардтан, базарлардан, басқа да телефон сатумен арнайы айналыспайтын орындардан сатып алуға мүлде болмайды. Өйткені телефон ұрланған болып шығуы мүмкін, ал оны ерте ме, кеш пе полиция анықтап, иесіне қайтарады", - деп атап өтті ҚР ІІМ-ден.

Еске салайық, жақында ұрланған телефонды сатып алған ер адам сотталған. Сот шешімімен құны 10 мың теңге тұратын телефонды қайтарумен бірге, ер адамды мемлекет пайдасына 106 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама