Қазақстанда 900 сот орындаушысы жазаланды

?аза?станда 900 сот орындаушысы за?б?зушылы?тар ?шін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. М?ндай м?ліметті ?ділет министріні? орынбасары Жанат Ешма?амбетов ?Р ?кіметіні? баспас?з орталы?ында ?ткен конференция барысында айтты.

Қазақстанда 900 сот орындаушысы заңбұзушылықтар үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен конференция барысында айтты.

Жанат Ешмағамбетов жекеменшік және мемлекеттік сот орындаушыларының сот шешімдерін орындау барысында жауапкершілігі қандай екенін айтып берді.

"Азаматтардың шағымдармен келген жағдайларынң барлығын әділет органдарының қызметкерлері жекеменшік сот орындаушылармен қарастырады. Мұндай кезде шешім тәртіптік жаза ретінде немесе лицензияны тоқтату не одан айыру туралы шешім қабылданады", - деді әділет министрінің орынбасары.

Реклама
Реклама

Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша, бүгінде азаматтардан келіп түскен шағымдар мен үндеулер кейін жүздеген сот орындаушысы жазаға тартылды.

"900-ге жуық сот орындаушысы жазаланды. 50-ден аса лицензияның жұмысы тоқтатылып, 10-нан аса лицензия мүлде тартып алынды. Яғни, бірде-бір жағдайды назарсыз қалдырған жоқпыз", - деді Жанат Ешмағамбетов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама