Қазақстанда адам басына шаққанда қанша бензин өндірілетіні белгілі болды

2016 жылы ?аза?станда адам басына ша??анда 166 литрден келетіндей бензин ?ндірілді. Б?л туралы ?лтты? экономика бірінші вице-министрі Руслан Д?ленов ?аза?станны? ?шінші модернизациясы аясында?ы статистиканы? жеке м?селерін таныстыру кезінде м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2016 жылы Қазақстанда адам басына шаққанда 166 литрден келетіндей бензин өндірілді. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Қазақстанның үшінші модернизациясы аясындағы статистиканың жеке мәселерін таныстыру кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Вице-министрдің мәліметі бойынша, 2016 жылы ЖІӨ көлемі 46 миллион теңгеге тең болған. ЖІӨ адам басына шаққанда - 2,6 миллион. Қазақстанда 78 миллион тонна мұнай өндірілген. 

"2016 жылы 1 адамға 33 баррель мұнайдан келеді, 166 литр бензин, 508 келі цемент, 6 келі шоколад, 26 келі қант және 8 литр шырын өндірілген", - дейді Дәленов. 

Реклама
Реклама

Ол Қазақстандағы жұмыс күшінің жағдайы туралы айтып берді. Руслан Дәленовтің сөзінше, 2016 жылы Қазақстан экономикасында 8,6 миллион адам жұмыс істеген, оның ішінде 6,4 миллионы жалдамалы жұмыс істесе, 2,2 миллион өз бетімен еңбек еткендер. Жұмыссыздық деңгейі - 5 пайыз. Орташа айлық - 143 мың теңге. Жылдық инфляция 7,5 пайыз, соның ішінде бензин 13,1 пайызға қымбаттаған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама