Қазақстанда алдағы қыс қандай болады?

© Forbes.kz

?аза?станда ?араша айыны? ортасы ?арлы болады, б?л туралы "?азгидромет" РМК директоры Марина Шмидт м?лімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда қараша айының ортасы қарлы болады, бұл туралы "Қазгидромет" РМК директоры Марина Шмидт мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК-нің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, биылғы қыс Қазақстанда қарлы болады және ерте түседі. Қарашада күн райы тұрақсыз болады, жауын-шашын жиі түсіп, осыған қарай еліміздің басым бөлігінде климаттық нормаға сай температура орнайды, ал жауын-шашын нормадан асып түспек", - деді Марина Шмидт. 

Желтоқсанда ай бойына орташа ауа температурасы бір градусқа нормадан жоғары болады, тек Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарының оңтүстік бөліктері бұл тізімге кірмейді. ШҚО мен БҚО-да жауын-шашын аз болады, ал Қостанай, СҚО, ОҚО, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облысының басым бөлігінде жауын-шашын нормадан тыс болады деп күтілуде.

Реклама
Реклама

Қаңтар мен ақпан айлары ең суық болады деп күтілетіндігін айта кетті Марина Шмидт. Ақпан айында орташа температура БҚО, Атырау және Маңғыстау облыстарында климаттық нормада болады, ал өзге аймақтарда Цельсий бойынша бір градусқа төмен болмақ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама