Қазақстанда әскери қызметкерлер қарағандылықтар үшін қаржы жинап қойды

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қарағандылықтарға көмек ретінде шамамен 2 миллион теңге жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері өздерінің қаржы-қаражатының бөлігін беруді ұйғарды. Олар қазіргі уақытта 1 945 821 теңге көлемінде қаржы жинап қойды.

"Бұл үлкен ақша болмаса да, қарағандылықтарға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді деп үміттенеміз", - дейді олар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірде үйлерді техникалық тексеру, қалпына келтіру жұмыстары, баспана тұрғызу және шығынды өтеу жұмыстары жүріп жатыр. Одан басқа, су тасқынынан қираған тас жолдар қалпына келтіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысында 35 елді мекен су тасқынынан зардап шекті. Табиғи апаттың салдарынан егде жастағы екі адам қаза болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама