Қазақстанда әскери ұшқыштардың біліктілігі тексерілді

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери-транспорттық авиацияның ұшу құрамы өздерінің сыныптық біліктілігін дәлелдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 19132 және 53975 әскери бөлімдерінде теориялық және практикалық білімдерін тексеру арқылы біліктілік санаттарын беру бойынша әскери-транспорттық авиацияның ұшу құрамының жиыны аяқталды. Аталған жиын Әуе қорғанысы күштері жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өтті.

"Жиынға жеке құрамнан 50-ге жуық адам тартылып, оның ішінде ұшқыштар, штурмандар мен инженерлік-техникалық құрам қатысты. Қорытынды ұшулар С-295, Ан-26 және Ан-72 ұшақтары арқылы орындалды. Екі апта ішінде авиация мамандары сыныптық біліктілігін растау үшін теориялық және практикалық сынақтар тапсырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Басқолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркен Жұмағалиевтің айтуынша, әскери-транспорттық авиацияның ұшқыштарын кәсіби даярлау басты назарда болып отыр. Авиацияда ең маңыздысы – ұшу қауіпсіздігі.

"Өз кезегінде ұшу құрамының міндеттерді уақытылы орындау және жауынгерлік әзірлігі қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты. Осындай іс-шараларды өткізудің қажеттілігі зор. Өйткені оның барысында жауынгерлер білімін жетілдіріп, ұшқыштар және инженерлік-авиация мамандары өздерінің меңгерген көп жылдық тәжірибесімен бөліседі. Әскери ұшқыш жақсы ұшып қана қоймай, осы салада ұшуды басқаруды, жас ұшу құрамын оқытуды да білуі тиіс", - дейді ол.

Айта кетейік, жиын қорытындысы бойынша сынақты сәтті тапсырған ұшқыштарға, штурмандарға және инженерлік-техникалық құрамға, олардың ішінде – 1-сыныпты штурман капитан Алмаз Исабековке, 3-сыныпты ұшқыш майор Сабыр Құсайыновқа, Арман Жәнікеевке және аға лейтенант Сергей Бекетовке сыныптық біліктілік берілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама