Қазақстанда билер сотын жандандыру ұсынылды

Жо?ар?ы сот т?ра?асыны? ке?есшісі Са?атбек С?леймен республикада билер сотын жандандыруды ?сынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. М?ндай пікір ведомствоны? ке?ейтілген жиналысында айтылды. 

Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен республикада билер сотын жандандыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікір ведомствоның кеңейтілген жиналысында айтылды. 

"Дауды азайтудың тиімді жолы билер сотын жандандыру. Бұл мәселе күн тәртібіне сұранып-ақ тұр. Сот төрағалары билер сотын енгізу мәселесін қарастыруы керек. Әрбір елді мекенде құрметті, абыройлы азаматтар бар. Оларды дайындап, медиация курстарында оқытып, би мәртебесін беру қажет. Олар бюрократиясыз, сотсыз, сөздің күшімен-ақ қақтығысты шешіп, тараптарды ортақ шешімге келтіре алады. Сонда қоғамда дау азайып, сотқа түсіріп отырған ауырлықты жеңілдетер еді", - деп пікір білдірді Сағатбек Сүлеймен.

"Бабаларымыздың билер соты сияқты мұрасын қайта жандандыруымыз керек деп ойлаймын. Құрметті сот төрағалары, бұл мәселенің шешім жолы өз қолдарыңызда", - деді ол Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі сот корпусына.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама