Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі пайда болды

© Тұрар Қазанғапов

?аза?станда Дін істері ж?не азаматты? ?о?ам министрлігі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, оған:

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінен – діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы салаларындағы;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен – жастар саясаты саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;".

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама