Қазақстанда діни ғұрып бойынша ғана неке қиып, ресми тіркелмегендер жазалануы мүмкін

Діни ??рып бойынша ?ана некесін ?иып, ресми т?рде тіркеуге т?рма?ан ?аза?станды?тар жазаланатын болады. Осы к?зде М?жіліске ?аралым?а берілетін за? жобасына осындай нормалар енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Діни ғұрып бойынша ғана некесін қиып, ресми түрде тіркеуге тұрмаған қазақстандықтар жазаланатын болады. Осы күзде Мәжіліске қаралымға берілетін заң жобасына осындай нормалар енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкімет отырысының үзілісінде діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасы жыл соңына дейін қабылдануы керек екенін мәлімдеді. Заңдағы нормалардың бірі некеге тұруға қатысты.  

"Неке қию институтын реттеу. (...) Қазір діни ғұрып бойынша неке қиып, АХАЖ-ға тіркеуге тұрмайтындар бар. Бұл заң жүзінде дұрыс емес. Мұның жолын кесу үшін заңға толықтыру енгізіледі. Яғни ресми түрде тіркеуге тұрмағандардың жазасы қатаңдатылуы мүмкін", - деді министр журналистерге. 

Реклама
Реклама

Министрдің сөзінше, заң жобасында діни білім мен киімге қатысты өзге де мәселелер қарастырылған. 

"Кәмелетке толмағандарды дінге тартуды реттеу. (...) Деструктив идеологиялық және діни ағымдардың сыртқы көрінісіне қатысты. Ол фашистік свастика болуы мүмкін, қандай да бір нәсілдік, ұлттық ұйымдардың белгісіне қатысты", - дейді министр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама