Қазақстанда экономикалық қылмыстардан бір жылда қаншалықты зиян келгені анықталды

© Тұрар Қазанғапов

Елімізде экономикалы? ?ылмыстардан 7,2 миллиард те?ге к?лемінде зиян келген. Бір жылда б?л соманы? бестен бір б?лігі ?ана ?айтарыл?ан. Б?л туралы Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігі т?ра?асыны? орынбасары Алик Шпекбаев м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде экономикалық қылмыстардан 7,2 миллиард теңге көлемінде зиян келген. Бір жылда бұл соманың бестен бір бөлігі ғана қайтарылған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жылы және биыл 2 айда Ұлттық бюро экономикалық қылмыс бойынша - 34 жалған кәсіпкерлік, 17 экономикалық контрабанда, 17 салықтан жалтару, 7 шот-фактураны жалған толтыру дерегін тіркеген. Бұл оқиғалардан келген шығын 7,2 миллиард теңге, оның 1,2 миллиарды қайтарылды", - дейді Шпекбаев Сенаттағы экономикалық қылмыстарды талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысында. 

Оның айтуынша, мұндай қылмыстарға мемлекеттік қызметкерлердің қатысы болған жайлар да бар. Бір жылда Жемқорлыққа қарсы қызмет қызметтік тұлғалардың көлеңкелі экономика өкілдеріне қамқорлық жасауы бойынша 50 дерек тіркеген. Бұл оқиғалардың басым бөлігі жалған кәсіпкерлікке қатысты - 23, ойын бизнесі - 15 және контрабанда бойынша 3 оқиға.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама