Қазақстанда электр мен су тартылмаған көшеге "Өркениет" деген атау беру ұсынылды

?скеменде жа?а ы?шамауданда?ы  электр мен су тартылма?ан к?шеге "?ркениет" деген атау беру ?сынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өскеменде жаңа ықшамаудандағы  электр мен су тартылмаған көшеге "Өркениет" деген атау беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық мәслихаттың отырысында Өскемен әкімінің орынбасары Ольга Булавкина облыс орталығындағы 23 көшеге атау керек екені жайлы мәселе көтерді. 

Әкімдіктің жұмыс тобы атаулардың алдын ала тізімін жасап қойды. 23-ші ықшамаудандағы сол көшелердің біріне "Өркениет" атауы берілуі мүмкін. 

Реклама
Реклама

"Бұл көше менің сайлау округіме кіреді. Осы ауданда электр, кәріз және су мәселесі шешілмей тұр. Сол көшеге "Өркениет" деген атау бермексіздер ме?", - деп сұрады депутат Тамара Рахымжанова. 

Ольга Булавкина өз кезегінде көше атауларына қатысты мәселені қайта көтеруге уәде берді. Бір қызығы, халық қалаулылары жаңа атаулар жайлы тұрғындардың пікірімен санаспау туралы шешім шығарды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама