ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 желтоқсан 2019 09:42
Қазақстанда Fokker-100 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды
Қазақстанда Fokker-100 түріндегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Оқиғаның мән-жайы анықталғанда бұл түрдегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясының паркі Fokker-100 ұшақтарынан тұрады.
Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе апаты салдарынан 7 адам қаза тапқанын мәлімдеген. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу