Қазақстанда LukAero әуе компаниясына ұшуға тыйым салынды

Фото travelsystem.kz сайтынан

Қазақстанның авиациялық қызметі туралы заңнамасын сақтамаған LukAero чартерлік әуе компаниясының ұшу куәлігі кері қайтарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған компания заңнама аясындағы талаптар мен шектеулерді сақтамаған. LukAero чартерлік компаниясының әуе кемелері де болмаған. "Компания "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы" заң нормаларын бұзды", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Бүгінде бас көлік прокуратурасының санкциясымен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті LukAero әуе компаниясы" АҚ ұшу қызметтеріне тыйым салды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама