Қазақстанда McDonald's мейрамханасы ашылды

© Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстандағы алғашқы McDonald's мейрамханасының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мейрамхананың салтанатты ашылуына мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстандағы McDonald's франшизасының иесі Қайрат Боранбаев та келді. Қала басшысы мен қонақтар "Биг-Мак" деп аталатын комбо-мәзірден дәм татты.

Реклама
Реклама


© Тұрар Қазанғапов.

Айта кетейік, McDonald's мейрамханасына бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барған болатын. Елбасы McDonald's корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті.


© Тұрар Қазанғапов

McDonald's - қоғамдық тамақтану және жылдам қызмет көрсету  саласындағы әлемдік көшбасшының бірі. Әлемнің 120 елінде компанияның 36 мың кәсіпорны келушілерге қызмет көрсетеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама