Қазақстанда McDonald's мейрамханасының қашан ашылатыны белгілі болды

Қазақстанда McDonald's мейрамханасының қашан ашылатыны белгілі болды © Tengrinews.kz

McDonald's мейрамханасы Астанада 8 наурыз күні ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мейрамхана ғимараты Қабанбай батыр, 26 даңғылында орналасқан.

McDonald's компаниясының мәліметінше, мейрамхана аумағы -  863 шаршы метр. Мейрамханада 206 орын бар. Кәсіпорында 200-ден аса жұмыс орны ашылады. Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі McDonald's-тің екінші мейрамханасы Бөгенбай батыр, 49 даңғылында орналасатынын хабарлаған еді.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, McDonald's мейрамханаларының Қазақстанда ашылатыны жайлы 2014 жылдың қарашасында белгілі болған еді. Оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаев болады делінген болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама