Қазақстанда мемлекеттік органдардың бірыңғай сайты жасалады

© pixabay.com

Еліміздегі мемлекеттік мекемелерді? сайтында?ы а?параттар бір портал?а жина?талады. Салалы? министрлік ?азір а?паратты? ресурсты ?зірлеу ж?мыстарын ж?ргізіп жатыр. Б?л туралы Адам ???ы?тары ж?ніндегі комиссияны? ке?ейтілген отырысында а?парат ж?не коммуникациялар министрі Д?урен Абаев м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Еліміздегі мемлекеттік мекемелердің сайтындағы ақпараттар бір порталға жинақталады. Салалық министрлік қазір ақпараттық ресурсты әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, бұл қадам мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарына жұмсалатын қаражатты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

"Осы мақсатта министрлік Ұлыбритания тәжірибесін негізге ала отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай сайтын құру жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр. Канада, Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттерде де ортақ ресурс бар. Азаматтар үшін ыңғайлы "бір терезе" қызметі қолданушыға бар ақпаратты бір сайттан алуына мүмкіндік береді. Бұл қадам ақпараттық ресурстарға жұмсалатын шығынды екі есе азайтады", - деді ақпарат және коммуникациялар министрі Абаев.

Реклама
Реклама

Жиында мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы да талқыланды. Министр өз сөзінде азаматтарға мекемелердің қызметі туралы ақпарат ұсынатын "Ашық үкімет" порталының жұмысы жайлы баяндады. Жыл соңына дейін ресурстың мобильді нұсқасы әзірленеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта көру қабілеті нашар қолданушылар да сайтты еш қиындықсыз пайдалана алатыны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама