Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

© Тұрар Қазанғапов

?аза?станда мереке к?ндері ?осымша пойыздар жол?а шы?арылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" А? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекелері аталып өтетін күндері жолаушылар пойыздарына қосымша 80 вагон тіркеледі.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі кезде "Алматы-Астана", "Алматы-Семей" және "Алматы-Арыс" бағыттары бойынша қосымша пойыздарды қосу мәселесі қарастырылып жатыр. 

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, № 3/4 "Алматы-2-Астана" (2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап) және № 11/12 "Алматы-2-Шымкент" (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап) жаңа жүрдек пойыздарын шығару жоспарланып отыр. Олар отандық өндірістегі жаңа модификациядағы кең кузовты "Тұлпар-Тальго" вагондарымен жабдықталады", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. 

Толығырақ ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама бюроларына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуға болады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама