Қазақстанда педофилдер жаңа заң бойынша қалай кастрацияланады?

?Р Бас прокуратурасыны? ?кілдері елімізде педофилдерді? ?алай кастрацияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Бас прокуратурасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ҚР Бас прокуратурасының өкілдері елімізде педофилдердің қалай кастрацияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы 2018 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енгенін еске сала кетейік. Химиялық кастрациялау тек соттың үкімімен сот-психиатриялық сараптаманың қортындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарына бейім деп танылған  тұлғаларға ғана қолданылатын болады", - делінген Бас прокуратураның түсініктемесінде.

Сондай-ақ, андрогенді дәрі инъекциялары бас бостандығын айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға - денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатыны айтылады.

Реклама
Реклама

"9 қаңтар 2018 жыл, Астана қ. Бүгін Бас прокуратурада химиялық кастрациялауды жүргізу туралы заңнамалық толықтырулардың қолдану және қылмыстық-атқару жүйесі мен денсаулық сақтау қызметтерінің аталған процедураны жүргізуге әзірлігінің жай-күйі туралы мәселе бойынша ведомствоаралық жиын өтті. Жиын жұмысына Жоғарғы Соттың, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер, оның ішінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мүшелері, сондай-ақ Бас прокуратураның орталық аппаратының қызметкерлері қатысты", - дейді прокуратура өкілдері.

Бұл жиында мемлекеттік орган өкілдері химиялық кастрациялау процедураларын жүзеге асыруға дайын екеніндігін мәлімдепті. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама