Қазақстанда полицейлер арнайы баннердің алдында селфи жасауды ұсынды

© izvestia.ru

Өскеменнің полицейлері арнайы баннердің алдында селфи жасауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды YK-avto.kz.

Порталдың мәліметінше, ШҚО ішкі істер департаменті "Қауіпсіздік селфиі" атты байқауды жариялады. Осы байқаудың аясында полицейлер жол қозғалысындағы қауіпсіздік тақырыбындағы назар аудартатын баннерлердің алдында селфи жасауды ұсынды. Бұл қалада азаматтарға жолда мұқият болуды үндейтін 10 жарнама баннері орнатылған.

"Байқауға қатысу үшін 2015 жылдың 30 мамырына дейін ескертуші баннерлер алдында көп рет селфи жасау керек. Содан кейін ол суреттерді әркім өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялап, сілтемені politsiya.vostoka@mail.ru электронды адресіне жолдауы тиіс", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, байқаудың жеңімпаздары ұйымдастырушылардың сыйлықтарына ие болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама