Қазақстанда қалалықтарға қарағанда ауылдық жасөспірімдер өз-өзіне көп қол жұмсайды

Фото © Tengrinews мұрағатынан

Қазақстанда қалалықтарға қарағанда ауылдық жасөспірімдер өз-өзіне көп қол жұмсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура комитетінің төрағасы Сәуле Айтбаеваға сілтеме жасап.

"Қазіргі таңдағы үрдісті айта кеткім  келеді, статистикалық мәліметтер бойынша өз-өзіне қол жұмсайтын әрекеттер мен өз-өзіне қол жұмсау қалада емес, аудандар мен ауылдарда көп болады. 2014 жылдың 6 айында кәмелетке толмаған жастардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қалада - 26, ал аудандар мен ауылдарда 78 іс тіркелген", - дейді ол ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің "Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсауды және жол көлік оқиғаларын азайтуға" арналған отырысы барысында.

ҚР Денсаулық сақтау және қоғамдық дамыту министрлігінің вице-министрі Серікбол Мусинов аймақ бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады. "100 мыңдаған тұрғыны бар аймақтарда өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші есеп бойынша мына аймақтарда жоғары болып тұр: Қостанайда - 42,5, Ақмолада - 36,4, Шығыс Қазақстан облысында - 31, Батыс Қазақстан облысында- 36,4, Қарағандыда - 25,3, Павлодарда - 25. Ал ең аз көрсеткіштер Алматыда - 5,4, Солтүстік Қазақстан облысында - 10,6, Маңғыстау облысында - 12,5, Астанада - 12,9, Оңтүстік Қазақстан облысында - 13 пайызбен тіркелген.", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Мусиннің айтуына қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігі өз-өзіне қол жұмсауға, нашаға құмарлыққа және психикалық ауруларға шалдыққандарға арналған арнайы қоғамдық, бір жүйелі өзгерістер енгізеді. Ол қазіргі таңда үкіметің қарауында жатыр. 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама