Қазақстанда қанша зорлықшы сотталды - Статистика

© sevastopol.su

Бас прокуратура өкілдері Қазақстанда сексуалдық зорлық мәніндегі қылмыстардың статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу комитетінің өкілдері 2017 жылы сексуалдық мәндегі зорлық үшін 348 адамның сотталғанын хабарлады.

2018 жылдың 6 айында сексуалдық зорлық жасаған 176 адам бас бостандығынан айырылған. Олардың 75-і зорлау үшін, ал 66-сы сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер үшін.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жарты жылда жасы 16-ға толмай сексуалдық мәндегі әрекеттер жасаған 6 адам сотталған, 29 адам балаларды азғындатқаны үшін сотталған.

Прокуратура мәліметінше, сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер көбіне Қарағанды (23), Оңтүстік Қазақстан облысы (21) , Шығыс Қазақстан облысы (19) және Алматы облысында (17) байқалған. Ал зорлық әрекеттер ең аз өңірлердің қатарында Павлодар (4), Маңғыстау (4) және Атырау облыстары (4) бар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама