Қазақстанда шенеуніктерді қоластындағы жемқор қызметкерлері үшін жауапқа тарту ұсынылды

Қазақстанда шенеуніктерді қоластындағы жемқор қызметкерлері үшін жауапқа тарту ұсынылды

Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігі т?ра?асыны? орынбасары Алик Шпекбаев жем?орлы??а ?арсы шараларды ?олданбайтын басшыларды т?ртіптік жауапкершілікке тартуды ?сынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбайтын басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбаған басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынамыз. Соңғы 4-5 жылда органдардың беделі төмендеп жатыр. Жауапкершілік деген жоқ. Жемқорлық деректері анықталған басқармалардың басшыларына қатысты шаралар қолданылғанда, меніңше, жағдай өзгерер еді", - деді Алик Шпекбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланған, азаматтармен және әріптестерімен дөрекі сөйлескен, автокөлік құралдарын мас күйінде жүргізген, адамдардың ар-намысына тиген мемлекеттік қызметкерлерге Этикалық кодекс бойынша тек ескерту жасау мен қатаң сөгіс жасауға болатыны айтылады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама