Қазақстанда шенеуніктердің жалақысын екі есе өсіру туралы ұсыныс айтылды

© Тұрар Қазанғапов

Жем?ор мемлекеттік ?ызметкерлер со??ы 2 жылда мемлекетке 48,5 миллиард те?геге шы?ын келтірген. Сенаторлар алдында жем?орлы??а ?арсы стратегияны? іске асуын айт?ан агенттік т?ра?асыны? орынбасары Алик Шпекбаев айтты, - деп хаюарлайды "Астана" телеарнасы.

Жемқор мемлекеттік қызметкерлер соңғы 2 жылда мемлекетке 48,5 миллиард теңгеге шығын келтірген. Сенаторлар алдында жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асуын айтқан агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев айтты, - деп хаюарлайды "Астана" телеарнасы.

Осы аралықта 1888 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Олардың 22-сі республикалық деңгейдегі лауазымды тұлға, 109-ы облыстық деңгейдегі, тағы 286-сы қалалық, ауылдық жерлердегі жетекшілер. Істі тергеу кезінде олардан келген шығынның үштен екі бөлігі өндірілген. Ал соңғы 5 жылда жымқырылған 70 миллиард теңге шетел асып кеткен. 47 шенеунікке халықаралық іздеу жарияланған. Биыл жемқор салалардың көшін Ішкі істер министрлігі бастап тұр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары парақорлық түбіне балта шабу үшін Шығыс Еуропа, Балтық елдері мен Грузия тәжірибесін мысалға келтірді.

"Грузияда шенеуніктердің санын 3 есе азайта отырып, жалақысын 3 есе көбейткен. Біз Ерғожин мырзамен осыны мәселені талқылаған болатынбыз. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің санын 35 пайызға азайтса, әкімшілік шығындарды есептей отырып, еңбек ақысын 2 есеге көбейтуге болады. Бұдан басқа жағдай жасау мен мемлекеттік қызметке беки түсудің басқа мүмкіндігі жоқ. Әрине, бұл үшін тыңғылықты жұмыс жүргізу керек. Мұны біз жоба ретінде ұсынып көрмекпіз. Бұл арқылы барлығы өткен", - деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама