Қазақстанда тағы үш қаланың атауын ауыстыру ұсынылды

Қазақстанда тағы үш қаланың атауын ауыстыру ұсынылды

"Ақ Жол" демократиялық партиясының төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Петропавл, Павлодар және Семей қалаларының атауын ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақ Жол" демократиялық партиясының төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Петропавл, Павлодар және Семей қалаларының атауын ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай пікірін ол елорда атауын өзгертуді қолдау үшін өткен Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының отырысында айтты.

"Елбасы есімін Қазақстан елордасына беріп, осы оқиғаға байланысты басқа да қалалардың атауын өзгертуді жалғастыруымыз қажет. Петропавлға өз кезінде орда құрып, үш жүздің басын қосқан Абылай ханның есімін беру керек. Павлодарға халқының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың соңғы ханы Кенесарының атын беру керек. бұрын Алаш аталған Семейге Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлының атын беру керек", - деді Қазыбек Иса. 

Жарнама
Жарнама

Қазыбек Иса бұл ұсыныстың өзінің жеке көзқарасы екенін жеткізді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама