Қазақстанда тексерістерден кейін 12 прокурор жұмыстан қуылды

Қазақстанда тексерістерден кейін 12 прокурор жұмыстан қуылды

?аза?станны? Бас прокуратурасы ведомствода тексерістерді? ж?ргізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Бас прокуратурасы ведомствода тексерістердің жүргізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың маусым айында Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік басқармасының департаментке айналғаны айтылады. Штат 6 қызметкерден 13 қызметкерге дейін көбейген. Бөлімшелерге тек тәжірибесі бар қызметкерлер алынып отырған. Сондай-ақ, департаментте қылмыстық істерді тергейтін арнайы прокурорлар тобы құрылған.

Ведомство мәліметінше, бұл жолы 12 прокурор жағымсыз себептермен жұмыстан қуылған.

Реклама
Реклама

"Департамент биыл 191 тексеріс жүргізді. 93 прокурор түрлі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 12-сі жағымсыз себептермен жұмыстан босатылды, тағы алты қызметкер жұмыстан шығарылды, 15 қызметкер қызметіне сәйкес болмауына байланысты жұмыстан қуылды. 40 прокурор Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сонымен қатар, биыл 10 қызметкерге қатысты қылмыстық істің қозғалғаны айтылады. Олардың жетеуі баcшы қызметінде болған.

"Екеуі сотталды, үш іс сотта жатыр, бесеуін арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Прокурорларға қатысты жалпы саны жеті қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама