Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейі ұзартылды

Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы 2016 жылғы 16 шілдеден еліміздің барлық аумағында бірқалыпты ("сары") террористік қауіптілік деңгейінің әрекет ету мерзімі 30 тәулікке созылатыны жөнінде хабардар етеді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдағаны айтылады.  

Реклама
Реклама

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілген еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама