Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік 15 күнде беріледі

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлік 15 күннің ішінде беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтарға құлаққағыс, Ішкі істер министрілігі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 30-дан 15 жұмыс күніне қырқарту бойынша "Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлікті беру" пилоттық жобасын өткізу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада. 

Осылайша, 2015 жылдың 1-қыркүйегінен бастап, асығыстықтың бірінші деңгейіне жататындардан өзге, екінші және үшінші дәрежедегілер үшін құжатты әзірлеу мерзімі қысқартылады.

Реклама
Реклама

"Енді өтініш рәсімделген күннен бастап асығыстықтың бірінші дәрежесі бойынша тапсырғандарға дайын құжатты ұсыну мерзімі төрт жұмыс күні болады", - делінген баспасөз релизінде.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама