Қазақстанда уақытша тіркеуге қарсы петиция жарияланған сайт жабылды

© yvision.kz

?аза?станды? Желі ?олданушылары азаматтарды? уа?ытша тіркелуіне ?арсы адамдарды? ?олын жинап, петиция жарияла?ан. Азаматтарды? жаз?ан ?тініші жа?ында Avaaz.org сайтында жарияланды.

Қазақстандық Желі қолданушылары азаматтардың уақытша тіркелуіне қарсы адамдардың қолын жинап, петиция жариялаған. Азаматтардың жазған өтініші жақында Avaaz.org сайтында жарияланды.

Алайда 8 қаңтарда Қазақстан аумағында ол сайтқа кіру мүмкін болмады. Айта кетейік, азаматтардың өтініші Қазақстан парламентіндегі депутаттарға арналған. Онда 6 мыңнан аса адам қол қойған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, заң 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енсе де, құқық қорғау органдары заңға қатысты барлық қажетті актіні үкіметтен бекітіп алуы тиіс. Сондықтан уақытша тіркелмеген азаматтар 1 ақпаннан бастап анықталады.

Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап Қазақстанға 48 елдің визасыз кіре алатыны хабарланған болатын. Кейбір елдердің азаматтарына елімізде 3 айға дейін болуға мүмкіндік берілді. Осы жерде қазақстандықтардан уақытша тіркелуді талап ету қисынсыз болар. 

Еске салайық, 2016 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойған болатын. Заңға сәйкес, жалға берушілер өз жылжымайтын мүліктерінде тұрып жатқан адамдарды тіркеуге міндетті. Бұл заң Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерге байланысты қабылданып отыр.

Уақытша тіркеу туралы жаңа заңды білеміз бе?

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама