Қазақстанда үлкен жүк көліктеріне жүруге шектеу қойылады

Камила Долаева Журналист

Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында сегіз тоннадан асатын жүк көліктеріне республикалық маңызы бар  автомобиль жолдарында жүруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында сегіз тоннадан асатын жүк көліктеріне республикалық маңызы бар  автомобиль жолдарында жүруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шектеу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады.

1 наурыздан 1 сәуірге дейін мұндай тыйым Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарына енгізілді.

Реклама
Реклама

Бұл шектеудің жолаушы және халықаралық деңгейде жүк тасымалдайтын көліктерге қатысы жоқ. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізетін немесе зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, сондай-ақ тамақ өнімдерін, жолаушылар мен жүк, дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын немесе қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған көлік құралдарына тыйым салынбайды.

Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдармен жүру үшін жүргізушілер көлігі рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен жағдайда арнайы рұқсат алу керек.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама