Қазақстанда халықаралық пойыздар билетіне жеңілдік қарастырылды

Қазақстанда халықаралық пойыздар билетіне жеңілдік қарастырылды Фото Тұрар Қазанғапов ©

Бірінші тамыздан бастап, халықаралық пойыздарға билетті алдын ала сатып алуда жолаушылар үшін жеңілдіктер қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2014 жылдың 1 тамызынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Ресейдің  "Федералдық жолаушылар компаниясы" ААҚ бірлесіп, халықаралық бағыттарға билетті алдын ала сатып алуда жеңілдіктер қарастырады", - делінген хабарламада. 

Осылайша купелі және айрықша жайлы (люкс) санатты вагондарда: 45 тен 31 тәулікке дейін пойыздың жүрісіне 30 пайыз; 30 дан 16 тәулікке дейінгі пойыздың жүрісі 15 пайыз; плацкарт санатты вагондарда: 45 тен 31 тәулікке дейінгі пойыздың жүрісіне 20 пайыз; ал 30 дан 16 тәулікке дейінгі пойыз жүрісіне 10 пайыз жеңілдіктер қарастырылған. 

Жарнама
Жарнама

"Мысалы 1 тамыздан бастап пойызға жеңілдікпен міну үшін билетті 18 маусымнан 1 шілдеге дейін ресімдеу керек. Сонда пойыз билеттерін 30 пайыз жеңілдікпен алуға болады", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама