Қазақстанда жаңажылдық ерекше флешмоб басталды

?аза?станды?тар Жа?а жылды? символдарын авток?ліктерімен бейнелеп жатыр. Флешмоб желто?санда басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандықтар Жаңа жылдың символдарын автокөліктерімен бейнелеп жатыр. Флешмоб желтоқсанда басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Флешмобты алғашқылардың бірі болып Астананың джипперлері өткізді.  

Реклама
Реклама

Кейін Талдықорған тұрғындары 30-дан аса автокөлікпен шыршаның пішінін келтірді.

24 желтоқсанда осыған ұқсас флешмоб Екібастұзда өтті, оған 40-тан аса көлік қатысты.

Сонымен қатар, Атырауда көліктерден жасалған шырша түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Ал Павлодар тұрғындары көліктерден сағаттың пішінін жасады. Автоәуесқойлар эстафетаны біріне-бірі беріп жатыр, сондықтан мерекенің алдындағы флешмоб әлі бірнеше қалада өтуі мүмкін. Оған қатысуға ниетті адамдар бір-бірімен әлеуметтік желі арқылы байланысады. Флешмобқа қатысушылар көліктерімен түрлі пішіндер жасап қана қоймай, түрлі жарықтармен безендіруде алдарына жан салмай жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама