Қазақстанда Желідегі өлім топтарына байланысты суицид дерегі тіркелмеген - ҚР ІІМ

Алмас Сәдубаев © Facebook.com

?Р ІІМ ресми ?кілі Алмас С?дубаев ?аза?станда к?мелетке толма?андарды? интернет желісіндегі суицид топтармен байланысты ?лім деректері тіркелмегенін м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Қазақстанда кәмелетке толмағандардың интернет желісіндегі суицид топтармен байланысты өлім деректері тіркелмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақыттары WhatsApp мессенджерінде суицид сипатындағы виртуал ойын туралы телефон қоңыраулары, жапа шеккен делінгендердің саны бойынша әңгіменің скриндері және тағы да басқа жалған мәлімет тарап жатыр. Азаматтарды әлеуметтік желілерден және күмәнді дереккөздерден алынған мәліметке сенбей, құзырлы органдардың ресми мәліметін бағдарға алуға шақырмыз", - деп жазды ҚР ІІМ ресми өкілі Facebook желісінде.

Сонымен қатар, Сәдуабаев жалған мәлімет таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп отыр. "Ел территориясында кәмелетке толмағандардың интернет желісіндегі суицид топтармен байланысты өлім деректері тіркелмегенін ресми мәлімдеймін", - деді ол.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама