Қазақстанда жемқорларды "ұсталған жерінде ату" ұсынылды

© sputniknews.kz

?аза?станда жем?орларды "?стал?ан жерінде ату" ?сынылды. Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? отырысы кезінде "Азаматты? альянс" басшысы Н?рлан Ерімбетов осындай м?лімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанда жемқорларды "ұсталған жерінде ату" ұсынылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің отырысы кезінде "Азаматтық альянс" басшысы Нұрлан Ерімбетов осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында өткен отырыс кезінде тәуелсіз сарапшылар Қаржы министрілігінің қауіптеріне баға берді. 

"Мені жұмсақтығымыз таңғалдырады. "Адам 100 миллион пара алады да, 5 миллион айыппұл төлейді. Ұсталған орнында ату керек, өйткені бұл балаларымыз бен ақсақалдарымыздың ақшасы, денсаулығымыз бен отбасыларымызды асырауға арналған ақша", - дейді Нұрлан Ерімбетов. 

Реклама
Реклама

Отырыс кезінде Қаржы министрлігінің бөлімшелері мемлекеттік органдар ішінде ең жемқоры екені айтылды. 

"Кеден және экономикалық тергеу органдары ең жемқор. 2001 жылдан бергі ресми статистикасы осы уақытқа дейін жемқорлық деректері бойынша 10 мың адам сотталғанын көрсетіп отыр. Сотталушылар саны бойынша екінші орында Қаржы министрілігі, олардың 86 пайызы Мемлекеттік кіріс комитеті, кеден, салық және экономикалық қызметте істегендер", - дейді агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама