Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта маркалары шықты

© "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта маркалары шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, үш маркадан тұратын пошталық блок қолданысқа енгізілді. "Естелік және мерейтойлық даталар" сериясындағы әрбір марканың құны - 200 тенге. Маркаларда Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы), Мәншүк Мәметова (Кеңес Одағының Батыры), Иван Панфилов (Кеңес Одағының Батыры) бейнеленген.

"Марка офсеттік тәсілмен 4 түрлі бояумен орындалған, блок өлшемі 78 х 108 миллиметр, маркалардың өлшемі 26 х 36 миллиметр. Таралымы - 15 мың дана. Дизайнды жасаған суретші - Қуат Ибрайшин", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банктің ҰОС ардагерлеріне күміс монеталарды табыстағаны хабарланған болатын. "Ұлы Жеңіске 70 жыл" монетасы 7 мың тиражбен шыққан. Монета "proof" сапасында күмістің 925-ші сынамасынан жасалған. Дизайн авторлары - ҚР ҰБ қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесінің кеңесшісі Виктор Ивженко мен департаменттің бас дизайнер маманы Алмат Бәсенов.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама