Қазақстанда жетім балалар отбасын өзі таңдайтын болады

© Altyn-orda.kz

?аза?станда?ы жетім балалар отбасын ?здері та?дай алатын болады. Б?л ж?нінде бала ???ы?тары ж?ніндегі у?кіл, Парламент М?жілісіні? депутаты За?ипа Б?лиева Астанада ?ткен Бала асырап алушы ата-аналар мен т?лімгерлер форумы барысында м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы жетім балалар отбасын өздері таңдай алатын болады. Бұл жөнінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева Астанада өткен Бала асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Отбасына бала асырап алғысы келетін отбасыларды есепке алуды реттеумен қатар, балаларға да басымдық берілетін болады. Мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде мәселені басқаша қойып отырмын. Енді отбасы балаларды емес, балалар отбасын таңдайтын болады", - деді Зағипа Бәлиева.

Осы ретте, оның айтуы бойынша, баланы кемсітпей, қорламай, отбасын таңдау кезінде қиын жағдайға қоймай, оған таңдау құқығын қалайша дұрыс беру керектігі туралы ойлану қажет.  

Реклама
Реклама

"Әрине, біз балаларға отбасына келгеннен кейін олардың ережелерімен өмір сүру керектігін түсіндіруіміз қажет", - деп қосты депутат.

Ол бұрын Қазақстанның балалар үйлерінен шыққан балалардың 4 пайызы ғана университеттерге түссе, қазіргі кезде 40 пайызы жоғары білім алатынын атап өтті.  

Қазақстанда 29 660-тан астам бала қамқорлыққа, қорғаншылыққа алуды, асырап алуды қажет етеді. 21 мыңнан астам жетім бала отбасымен тұрады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама