Қазақстанда зорлық-зомбылық көрген балаларды БАҚ-та көрсетуге тыйым салынауы мүмкін

© мchildren.ru

?аза?станда зорлы?-зомбылы? к?рген балаларды БА?-та к?рсетуге тыйым салынауы м?мкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz а?парат ж?не коммуникациялар министрі Д?урен Абаевты? м?лімдемесіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда зорлық-зомбылық көрген балаларды БАҚ-та көрсетуге тыйым салынауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біз зорлық-зомбылы көрген белгілі бір жасқа дейінгі балаларды көрсетуге тыйым салатын боламыз. Бұл жұмыс заңнамалық тұрғыда жүргізіліп жатыр. Келесі жылы біз сіздерге заңнамалық бастамамен келеміз", - деді министр Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағатында.

Кейін министр 12 жасқа дейінгі балаларды көрсетуге тыйым салынатынын нақтылады.

Реклама
Реклама

"Меніңше, 12 жасқа дейін. Біз бұны заңгерлермен нақты талқыладық - қашан, неше жастан бастап тыйым салынатынын. Мүмкін біз заңды (баланың ата-анасы, туыстарының) өкілдердің келісімінсіз жасауымыз мүмкін, яғни, толықтай тыйым салуға да болады. Өйткені, ата-аналар да, заңды өкілдер де мұның балаға 10 жылдан кейін қандай зиян келтіретіндігін білмей жатады. Бұл өте қиын тақырып, бірақ, біз бірінші кезекте баланың құқын қорғап жатырмыз", - дейді Дәурен Абаев.

Министрдің пайымдауынша, жаңа заң 2017 жылдың мамырында Парламентке ұсынылады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама