Қазақстанда жыл басынан бері 9 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді - ҚР ҰҚК

© Tengrinews.kz

?аза?станда жыл басынан бері 9 террористік ж?не экстремистік акцияларды? жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ?лтты? ?ауіпсіздік комитеті т?ра?асыны? орынбасары Н?р?али Белісбеков "?азіргі кезе?дегі экстремизм мен терроризмні? алдын алу мен жолын кесуді? за?намалы? ж?не институционалды? шаралары" та?ырыбында?ы д??гелек ?стел отырысы барысында.
 
"Со??ы жылдары сан алуан террористік акцияларды? алдын алу шаралары ат?арылып, ж?здеген адамны? xалы?аралы? ла?кестік ?йымдарына ?осылуына жол берілмеді. Алайда, елде кей жа?дайлар орын алды. Алматы мен А?т?беде бол?ан о?и?алар ?лі де жадымызда са?тал?ан. Со??ы бес жылды? ішінде сан алуан ма?сатта?ы 64 террористік ж?не экстремистік акцияларды? жолы кесілді. Ал а?ымда?ы жылы ондай 9 ?рекет ?шкереленді", - деді Белісбеков.

Қазақстанда жыл басынан бері 9 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбеков "Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы барысында.
 
"Соңғы жылдары сан алуан террористік акциялардың алдын алу шаралары атқарылып, жүздеген адамның xалықаралық лаңкестік ұйымдарына қосылуына жол берілмеді. Алайда, елде кей жағдайлар орын алды. Алматы мен Ақтөбеде болған оқиғалар әлі де жадымызда сақталған. Соңғы бес жылдың ішінде сан алуан мақсаттағы 64 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді. Ал ағымдағы жылы ондай 9 әрекет әшкереленді", - деді Белісбеков.

Оның айтуынша, адамдардың бұқаралық жиналу орындарында террористік шабуылдар болған жоқ, сондай-ақ,  құқыққорғау органдары мен арнайы мемлекеттік органдарға шабуыл жасау тосқауылданды.

"Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы әскери қақтығыстар басталғалы бері xалықаралық террористік ұйымдардың белсенділігі арта түсті. Осы уақытқа дейін террористік лагерьлерден 45 Қазақстан азаматы депортацияланды. Өз еркімен оралған адамдар да аз емес", - деді ол.  

Реклама
Реклама

Жалпы, бес жылдың ішінде 445 адам сотталды. Жыл басынан бері 25 адамға қатысты үкім шығарылды, тағы 50 жуық адам уақытша қамау изоляторында отыр. (Дереккөз: strategy2050.kz)

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама