Қазақстандағы кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді

?аза?станда?ы 2020 жыл?а ?арай барлы? кітапхана ?оры санды? ж?йеге ?теді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы 2020 жылға қарай барлық кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Бұл сандық жүйе кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді.

"Бұл Қазақстандағы барлық кітапханалардың бірыңғай электронды каталогын құруға көмектеседі. Мұның ізін ала Қазақстан "ТМД елдерінің электронды кітапханасы" жобасына қосылады. Бұл жағдайда ресейлік қорларда сақтаулы тұрған ерекше кітаптар біздің азаматтар үшін де қолжетімді болмақ. Сонымен бір уақытта республикада алғаш рет сирек әрі ерекше кітаптар мен қолжазбалардың орталығы ашылады", - деп атап өтті ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, оқушылар үшін әдебиет пәні бойынша мектеп бағдарламасына үздік заманауи авторлардың шығармалары енгізіледі. Ал, еліміздің жас тұрғындарына арналған әдеби шығармаларды тегін жарнамалауға мүмкіндік беру қарастырылған. Қазақстандықтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітап оқуды қолдау жөнінде ведомствоаралық кеңес құрылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама