Қазақстандағы мектептерде жаңа қызмет пайда болуы мүмкін

Қазақстандағы мектептерде жаңа қызмет пайда болуы мүмкін © Тұрар Қазанғапов

?аза?станны? Білім ж?не ?ылым министрлігі мектептерде директорды? информатика ж?ніндегі орынбасары ?ызметін енгізуді жоспарлап отыр. Б?л туралы ведомство басшысы Ерлан Са?адиев айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектептерде директордың информатика жөніндегі орынбасары қызметін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Сағадиев айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалімдердің жүктемесі жайлы айтатын болсақ, біз әрбір мектепте директордың информатика жөніндегі орынбасары қызметін енгізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай жағдайда мұғалімдерге біраз жүк түседі. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін нәтижесін көреміз деп ойлаймын", - деді министр үкімет сағаты барысында.

"Мектептерге басшыдан гөрі атқарушы адам керек. Директордың орынбасары да бұл мәселеге араласады, мұғалімдерге тапсырма береді, олардан қалалық және облыстық білім бөлімшелерінен қажетті материалдарды жинауды талап етеді. Бірақ мұнда жұмыстың барлығы мұғалімдерге түседі", - деді Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исімбаева.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама