Қазақстандық әйел Өзбекстанда қыздарды жезөкшелікке тартты деген күдікпен ұсталды

Қазақстандық әйел Өзбекстанда қыздарды жезөкшелікке тартты деген күдікпен ұсталды

Өзбекстанның құқық қорғау органдары әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, саудалады деген күдікпен Қазақстан азаматшасын ұстады, - деп хабарлайды Sputnik Узбекистан.

Өзбекстан ІІМ департаментінің мәліметінше, Сырдария облысының тұрғыны полицияға арызданған, ол арызында 1975 жылғы қазақстандық әйел мен оның өзбекстандың сыбайласынан шетелде жезөкшелікпен айналысып, айына екі мың доллардан асатын табыс табуды ұсынғанын жазған.

"Жедел тергеу шараларын жүргізу барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері Сырдария облысының территориясында "Сырдария" бекетінеде шекарадан заңсыз өтпек болған күдіктілерді ұстады", - делінген хабардамада. 

Жарнама
Жарнама

Қылмыстық іс "Топ болып алдын-ала келісу арқылы адам саудалау" бабы бойынша қозғалған. Оның жазасы бестен сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама