Қазақстандық бірінші астық Қытай арқылы Вьетнамға жіберілді

5-а?панда ?аза?станды? бірінші асты? ?ытайды? Ляньюньган порты ар?ылы Вьетнамны? Хошимин портына жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?аза?стан темір жолы" ?К» А? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

5-ақпанда қазақстандық бірінші астық Қытайдың Ляньюньган порты арқылы Вьетнамның Хошимин портына жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны "KTZ Express АҚ Ляньюньган қаласындағы "Қытай-қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы" ЖШС-мен бірлесіп, қанатқақты жоба ретінде осы бағдарды таңдады.

Осылайша, Қазақстанның Жалтыр станциясынан тұңғыш рет 32 контейнермен 700 тонна қазақстандық астық Ляньюньган порты арқылы Хошимин портына жөнелтілді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Ляньюньган портында қазақстандық астықты жіберуге қатысты салтанатты шара өткізілді. Оған "Ляньюньган" порты МК" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Дин Жуй қатысып, қытай тарапының Қазақстан аумағы арқылы көлік дәлізін дамытуға, қазақстандық өнімдерді Қытай аумағы арқылы Оңтүстік –Шығыс Азия елдеріне шығаруға қолдау көрсететіндігін атап өтті. Осы дәліз арқылы Қазақстанға Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің түрлі өнімдерін жеткізу де жоспарланып отыр.

Қазақстандық өнімді Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып жүзеге асыру Жібек жолы экономикалық белдеуін дамытуды көздейді.

Ляньюньган теңіз порты Қытайдағы теміржол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардың бірінен саналады.

Ляньюньган теңіз портындағы көлік-логистикалық терминалы "ҚТЖ" ҰК" АҚ  еншілес кәсіпорны - "KTZ Express" АҚ мультимодальдық  компаниясымен "Ляньюньган порты халықаралық логистикалық компаниясы" ЖШС бірлескен кәсіпорны болып табылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама