Қазақстандық депутаттар биыл каникулға кеш шығады

Қазақстандық депутаттар биыл каникулға кеш шығады © Tengrinews.kz

Қазақстан Парламенті жаздың ортасына дейін жұмыс істеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында қозғалатын мәселелердің бірі Қазақстан Парламенті бесінші шақырылымының төртінші сессия жұмысының мерзімін ұзарту туралы ҚР Парламентінің қаулысы болады.

"Қазақстан Республикасының Парламенті қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші шақырылымының төртінші сессия жұмысының мерзімі 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, әдетте депутаттар каникулға маусым айының соңында шығып, жаңа маусым жұмысына қыркүйектің басында кіріседі.

Осылайша, бесінші шақырылымның үшінші сессиясы 30 маусымда, ал екіншісі 28 маусымда аяқталды.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама