Қазақстандық полицейлер енді көліктерді соғып тоқтата алады

© s.spynet.ru

Қазақстандық полицейлер жол-қозғалысы ережесін бұзғандардың көлігін соғып тоқтата алады, - деп хабарлайды Kolesa.kz. Сәйкес өзгерістер отандық заңнамаға енгізілді. 

Басылымның мәліметінше, таяуда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы жария болды. 

Құжатқа сәйкес, "Құқыққорғау қызметі туралы" заңның 60-бабы бірнеше пунктпен толықтырылды. Мұнда полицейлердің арнайы құралдармен физикалық күш қолдануы регламенттелген. Онда былай деп жазылған: "Қызметкерлер келесі әрекеттерге баруға құқылы ... брондалған машиналар және өзге де арнайы көлік құралдары ... егер жүргізуші қызметкердің заңды талабын орындамаса көлік құралын бүлдіру арқылы тоқтатуға".

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл бап тәртіп сақшыларына "күш қолдануға құқық береді, оның ішінде күрестің жауынгерлік әдістері, сонымен қатар кісен салу, резеңке таяқ, жас ағызатын құрал, жарықдыбысты құрылғыларды пайдалануға құқық береді, ... заң бұзушылардың қылмысының алдын алу мақсатында қажет болса, заң бұзушының аты-жөнін анықтауда, сонымен бірге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы оқиға орнында толтыруда". 

Заңның 10 қарашадан бастап күшіне енетіні айтылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама