Қазақстандық тележүргізушіге түнгі сағат 2-де уақытша тіркеуді тексерушілер келген

?аза?станды? тележ?ргізуші Санду?аш С?лтан т?нгі екіде полиция формасын киген екі ер адамны? уа?ытша тіркеуді с?рап келгенін м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тележ?ргізуші Астанада к?п?абатты ?йде т?рады.

Қазақстандық тележүргізуші Сандуғаш Сұлтан түнгі екіде полиция формасын киген екі ер адамның уақытша тіркеуді сұрап келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тележүргізуші Астанада көпқабатты үйде тұрады.

Ол телефон арқылы тілшімізге оқиғаның мән-жайын баяндады. "Мен отбасыммен үйде болғанмын, балаларыммен ұйықтап жатқанмын. Түнгі 2.24-те біреулер кілтпен есікті қақты. Көршілер шығар деп ойладым, есікке жақындасам, екі полицей тұр, тұрғылықты жерім туралы сұрады. Полиция формасын киген. Әрине, есікті ашпай қойдым", - деді Сандуғаш Сұлтан есік алдында консьерждің отыратынын айтып. Ол полицейлердің сұрақ қоймай, кетіп қалғанына таңғалып отыр.

Айтуынша, бұл үйде жалға берілетін пәтер жоқ. Жүргізуші ешкімнің де шулады деп шағым түсіруі мүмкін емес екенін айтады, себебі оларды таниды екен. "Біз шуламаймыз, ешкім шағымданбаған. Түнде келгендеріне таңғалдым, оларға есік ашпай қойдым", - деді ол.

Реклама
Реклама

Тележүргізуші Tengrinews.kz редакциясына бақылау камерасына түсірілген видеоны жолдады. Кадрларда келгендердің түрі көрінеді. "Астанада уақытша тіркеуге қатысты ешқандай да тексеріс жоқ. Учаскелік полицейлер көршілер 23.00-ден кейін шулағандардың үстінен шағым түскенде ғана бара алады. Полиция түнде себепсіз бармайды. Жоспарлы тексеріс немесе рейд жүргізіліп жатқан жоқ", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Департаменттегілердің айтуынша, олар Сандуғаш Сұлтанға хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде беріпті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама