"Қазақстандық Вуйчич" ПСЖ жұлдыздарымен кездесті

"Қазақстандық Вуйчич" ПСЖ жұлдыздарымен кездесті

Екі аяқсыз дүниеге келген астаналық он жастағы Әли Тұрғанбеков француздың ПСЖ командасының жұлдыздарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Екі аяқсыз дүниеге келген астаналық он жастағы Әли Тұрғанбеков француздың ПСЖ командасының жұлдыздарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кездесу Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтті. Француз клубының өкілдері қарсылық білдірмей, Әлиді өздері шақырған. Командадағы барлық ойыншы онымен суретке түскен. "Достар бұл ғажап! Жаратқанға алғыс білідіремін! Мен мұндайды түсімде де көрмес едім, бұл көптеген балалардың арманы, мен осыған қол жеткіздім, маған сенім көмектесті!", - деді Әли. 

Жарнама
Жарнама


Шілде айының соңында баланың анасы түркиялық мамандардың Әлиге жаңа протез жасаумен айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Бір апта өткен соң, ол өзі жүре бастаған.

"Қазақстандық Вуйчич" Әли өз аяғымен мектепке барды

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық бала Марадонаға видеоүндеу жариялаған еді. Ол әйгілі футболшымен кездескісі келетінін айтқан. Кейінірек оның арманы орныдалды. Әли мен Марадона бірге футбол ойнады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама