Қазақстандықтар 7 мың теңгеге қалаған көлік нөмірін таңдай алады

Иллюстрациялық сурет: kolesa.kz

?аза?станды? к?лік иелері (VIP-тен бас?а) кез келген мемлекеттік н?мірді 6 734 те?геге сатып ала алады. Дегенмен ж?ргізушілер н?мірді Тіркеу-емтиханды? б?лімшелері мен арнайы Х?КО-да барын ?ана та?дайды, - деп хабарлайды Кolesa.kz.

Қазақстандық көлік иелері (VIP-тен басқа) кез келген мемлекеттік нөмірді 6 734 теңгеге сатып ала алады. Дегенмен жүргізушілер нөмірді Тіркеу-емтихандық бөлімшелері мен арнайы ХҚКО-да барын ғана таңдайды, - деп хабарлайды Кolesa.kz.

Көліктерді тіркеу ережелерінде жаңа пункт пайда болды - Тіркеу-емтихандық бөлімшелері мен арнайы ХҚКО-да бар қарапайым мемлекеттік нөмірлерді сандық және әріптік белгілерін таңдау еркіндігі. Мұндай қызметтің құны қалыпты нөмір берумен тең - 6 734 теңге (2.8 АЕК).

Ал бөлімшелерде бар нөмірлер арасынан ұнайтыны табылмаған жағдайда оған тапсырыс беру арқылы алуға болады. ҚР ІІМ ӘПК-нің мәліметінше, тапсырыс берілген нөмірді дайындау уақыты Алматы мен Астана үшін 5 күн, ал қалған өңірлер үшін - 15 күн. Көлік тек нөмір алынған соң ғана тіркеледі. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу нөмірінің бір дубликатын жасау үшін баж салығының жартысы ғана немесе 1,4 АЕК алынады. Мұның алдында толық төлем алынатын - 2,8 АЕК. 

Көліктерді тіркеу ережелеріне бұл өзгеріс 2018 жылдың 25 мамырынан кейін күшіне енеді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама