Қазақстандықтар баласына қай саясаткердің есімін жиі қоятыны анықталды

© pixabay.com

?аза?станды?тарды? жа?а ту?ан с?билеріне жиі ?оятын есімдерді? тізіміне Асылжан, Н?рс?лтан ж?не Карим кірді. Со??ы 2,5 жылда 1 690, 1 837 ж?не 702 бала?а осы есімдер ?ойыл?ан. Б?л туралы ?ділет министрлігіні? Tengrinews.kz тілшісі жолда?ан сауал?а берген жауабында айтылады.

Қазақстандықтардың жаңа туған сәбилеріне жиі қоятын есімдердің тізіміне Асылжан, Нұрсұлтан және Карим кірді. Соңғы 2,5 жылда 1 690, 1 837 және 702 балаға осы есімдер қойылған. Бұл туралы Әділет министрлігінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

Тағы жиі қойылатын есімдердің қатарында Бауыржан есімі бар. 633 балаға Бауыржан есімі беріліпті. Сондай-ақ, елімізде соңғы он жылда 371 балаға Байбек есімі қойылған. Олардың 42-сі осы жылдың басынан бері санағанда. 

Мұнымен қатар, қазақстандықтар Иманғали есімін жиі қоятын болып шықты. 2,5 жылда елімізде осындай есіммен 612 сәби дүниеге келген екен. 

Реклама
Реклама

Әділет министрлігінің мәліметінше, соңғы 2,5 жылда Ахметжан есімі 109 сәбиге, Арыстан - 62, Тәңірберген - 84 сәбиге берілген. Қасым-Жомарт есімді бес ұл бар екен. Сондай-ақ, Қазақстанда соңғы 2,5 жылда Қуандық есімінің де жиі қойылатыны айтылады.

Ал ең сирек қойылатын есімдердің тізімінде Қалмұханбет, Бердібек және Ғабидулла бар екен. Соңғы 2,5 жылда елімізде тек бір сәбиге Қалмұханбет есімі беріліпті. Ал Ғабидулла есімімен елімізде 17 бала бар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама